Қазгидромет қазақстандық диқандарға егін орағын қырқүйектің 1-ші және 3-ші онкүндіктерінде жүргізуге кеңес берді
Астана. 3 қырқүйек. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Синоптиктер қазақстандық диқандарға егін орағын қырқүйектің бірінші және үшінші онкүндіктерінде жүргізуге кеңес береді, деп мәлім етті «Қазгидромет» РМК агрометеорология департаментінің директоры Сәкен Байшоланов.
«Қырқүйектің екінші онкүндігінде ауа температурасы төмендеп, аралас жауын-шашын болжанып отырғандықтан, республиканың солтүстік облыстарында егін жинау үшін аса қолайсыз болады, ал қырқүйектің бірінші және үшінші онкүндіктерінде метеорологиялық жағдайлар қанағатанарлық», - деді С.Байшоланов жұма күні баспасөз мәслихатында.
Оның айтуныша, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарында дәнді дақылдардың шығымы шамадан төмен болады.
«Солтүстік Қазақстан облысында гектарынан 9-10 центнерден, Ақмола облысында гектарынан 6-7 центнер, Қазақстанның батысында гектарынан 3 центнерге жуық, Оңтүстік өңірлерде гектарынан 3-4 центнерден айналады деп болжаймыз»,- деп нақтылады ол.
С.Байшоланов «егін орағының барысына мониторинг жасау нәтижесінде бұл болжамның орындалатынын айта аламыз» деді.