Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3105 0 пікір 3 Қыркүйек, 2010 сағат 12:42

Алматының тұрғын үй қоры жылыту маусымына 86%-ға дайын - әкімдік

Алматы. 3 қырқүйек. ҚазТАГ - Алматының тұрғын үй қоры жылыту маусымына 86%-ға,білім беру және денсаулық сақтау нысандары 100%-ға дайын, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жұма күні 2010-2011 жылдардағы күз-қыс кезеңіне дайындық мәселелеріне арналған кеңесте осындай мәлімет келтірілді.

Жалпы алғанда, қалада жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарланған кестеден озып жүзеге асырылып жатыр, деп мәлім етті қала әкімінің орынбасары Ербол Шорманов. Қалалық штаб энергетикалық кешен, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй қорының нысандарын күз-қыс кезеңіндегі сенімді және сапалы жұмысқа дер кезінде дайындау жұмыстарын бақылап, үйлестіріп отыр, делінген хабарламада.

Биыл әкімдік жылу жүйелерін жөндеу бойынша жұмыстың рекордтық көлемін орындады. 19,2 шақырым су-жылумен қамту және кәріз желілерін қайта жөндеуге Т1,359 млрд бөлінді. Қырқүйек айында негізгі жылу магистральдарындағы жөндеу жұмыстары аяқталады. Жылу желілерін жөндеу демалыссыз жүргізіліп жатыр.

1-ші ЖЭО мен 2-ші ЖЭО-ның арасын қосатын магистральдың құрылысы маңызды жобалардың бірі болып отыр. Бұл Алматының шығыс бөлігінде өсіп отырған жылу бойынша жүктемені қамтамасыз ету үшін 400 Гкал/сағ есептік жылу қуатымен қосымша жылу беруге, бұл өз кезегінде 1-ші ЖЭО-да өртелетін отын көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, магистральдың Алатау ауданында өтетін жеріндегі болашақ тұтынушыларға жылу беру қамтамасыз етіледі.

2-ші ЖЭО-дан жылу қуатын қабылдау үшін 1-ші ЖЭО-да қайта жөндеу жұмыстарын қолға алу жоспарланған. Бұл жылу қуатын Алматының орталық бөлігіндегі тұтынушыларға беруге жағдай жасайды. 2010 жылы 1-ші ЖЭО-ны жөндеуге республикалық бюджеттен Т2,5 млрд бөлінді.

«Алатау Жарық Компаниясы»АҚ 8 подстанцияны іске қосуды жоспарлап отыр. Оның ішінде «Ерменсай», «Медеу» және «Шымбұлақ»подстанциялары бар. Бұл подстанциялар Медеу шатқалындағы тұтынушыларды электр қуатымен жылытуға көшуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде экологиялық жағдайды жақсартады. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның 9 подстанцияны салуы Азиада нысандарын, метрополитенді және қаланы түгел сенімді түрде жарықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кеңестің қорытындысы бойынша Алматы әкімі Ахметжан Есімов аудан әкімдеріне ПИК-термен бірлесіп барлық тұрғын үйлердің жылыту маусымына толыққанды дайындығын пысықтауды тапсырды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357