Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4406 0 пікір 3 Қыркүйек, 2010 сағат 12:47

Қазақстанда сауданы дамыту жөніндегі бағдарлама жасалды - ЭДСМ

Астана. 3 қырқүйек. ҚазТАГ - Экономикалық даму және сауда министрлігі (ЭДСМ) Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдары сауданы дамыту жөніндегі салалық бағдарламаның жобасын жасады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның негізгі мақсаты «Қазақстанның сауда саласының тұрақты дамуы үшін жүйелік және институционалдық негіз құру, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» болып табылады, делінген жұма күні таратылған хабарламада.

Вице-министр Тимур Сүлейменов бастаған жұмыс тобының мүшелері аталған мақсатқа қол жеткізу әдісі ретінде ЭДСМ жобасы қалыптастыратын «республиканың экономикалық мүдделерін ілгерілету және қорғау жүйесін» атап отыр.

Бағдарлама 2010-2014 жылдары кезең-кезеңмен келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: сауда инфрақұрылымының тиімділігін арттыру; инновациялық сауданы дамыту; әлемдік сауда жүйесіне интеграция; саланы білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету.

«Бағдарлама президенттің «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қарқынды индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлығын жүзеге асыру шеңберінде жасалды», - делінген хабарламада.

Бағдарламаның жобасы министрліктің сайтына орналастырылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354