Жексенбі, 25 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2911 0 пікір 12 Қазан, 2016 сағат 10:35

ОҚО-да туристік шатырлы қалашық салынады

Келесі жылы «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ аумағында «Эко Кэмпинг» жобасының құрылысы басталмақ. Бұл жайлы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен «Ontustik Tourism-2016» Халықаралық туристік форумы барысында мәлім болды. Халыққа қол жетімді бағада ұсынылатын шатырлы қалашық туристке қажетті барлық жабдықтармен қамтылатын болады. Тағы бір айта кететін жайт, мұндағы жарықтандыру күн батареялары есебінен жүзеге асады. Оңтүстіктің туристік әлеуеті мен тау туризмін және альпинизмді дамыту мақсатында қолға алынған жобаны «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ мен «Ontustik» альпинизм Федерациясы бірлесе іске асырмақ. Сонымен қатар, туристік форумда бірқатар шетелдік компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында 7 меморандумға қол қойылды.

Сарыағашта жаңа курорт қалашығын салу, туризм мектебін құру жəне халықаралық автодəліз жолының бойында қызмет көрсететін бірқатар нысандарды салу жобалары қарастырылды. Сондай-ақ, шара барысында өңірге инвестиция тарту бағытында бірқатар келісімдер жасалды.

300-ден астам қазақстандық және шетелдік қонақтар қатысқан «Ontustik Tourism-2016» туристік форумы туризм саласындағы өңіраралық және халықаралық серіктестіктерді дамытуға және іскерлік қатынастарды орнатуға мүмкіндік береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2876
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4613