Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3023 0 пікір 11 Қазан, 2016 сағат 15:01

«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» жобасы бойынша өткізілген іс-шараларды қорытындылау жөніндегі брифингтің БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде»

жобасы бойынша өткізілген іс-шараларды

қорытындылау жөніндегі брифингтің

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

 Өткізілетін орны:                                                          Өткізілетін уақыты:                                 Астана қаласы                                                                2016 жылғы 13 қазан

«Дипломат» қонақ үйі                                                      сағ.: 15.00

Санкт-Петербург залы           

                                                  

          Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
2014-2016 жылдарға арналған ісшаралар жоспарының 17-тармағына сәйкес Астана қаласында орыстілді азаматтарға арналған  "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" атты  мемлекеттік тілді насихаттау шарасын өткізеді.

           Шараның мақсаты – орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеріп, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің бірлігі мен ынтымағының кепілі ретінде, қазақстандық  жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі,  ғылым-білім, жаңа технология саласындағы жетістіктері  жайында сөз қозғау, пікір алмасу.

           Жұмыс тобының құрамында белгілі саясаткерлер,  қоғам қайраткерлері, ғалымдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері болады. Шараға республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, саясаттанушы, қоғам қайраткері Дос Көшім, саясаттанушы Расул Жұмалы, саясаттанушы Айдос Сарым, Қоғам және мемлекет қайраткері Оразкүл Асанғазы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры,  саяси ғылымдар докторы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбдіжәлел Бәкір, Астана медицина университетінің профессоры,  медицина ғылымының докторы Ахметов Мұхамедия, Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Қышқашбаев Тілеуғали Әшірбекұлы  қатысады.

Шара үстіміздегі жылдың 11-13  қазан аралығында  өтеді.

Аталған  жоба «Халыққа қызмет көрсету орталығы», ҚР Банктері, Қазақстан теміржол вокзалы, Астана халықаралық  әуежайы, Астана қаласының жол полициясы, Астана қаласындағы этно-мәдени орталықтар қызметкерлерін қамтиды.        

"Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" жобасы бойынша жүргізілген жұмыстарды қорытындылау мақсатында 2016 жылғы  13 қазан күні сағат 15.00-де  «Дипломат» қонақ үйінің Санкт-Петербург залында       (Д. Қонаев көшесі, 29/1) БАҚ өкілдерімен бирифинг өткізіледі. Брифингке жоғарыда аталған жұмыс тобының мүшелерімен бірге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің басқарма басшысы Исақова Толқын Жолдыбайқызы Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Қышқашбаев Тілеуғали Әшірбекұлы қатысады.      

 Байланыс телефондары: 8 (7172) 40-83-97

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5656