Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3073 0 пікір 7 Қазан, 2016 сағат 17:22

Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

"ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды", - деп хабарлайды Абай-ақпарат тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген.

1980-1993 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті.

1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы.

1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары - ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы - Қазақстан Респубилкасы Президентінің кеңесшісі.

2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2007 жылы 19 қаңтарда Ж. Түймебаев ҚР Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

2010 жылы 7 қазанда Қазақстанның  Түркия  Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  болып  тағайындалды.

2011 жылғы 3 наурыздан Қазақстан Республикасының Албаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарып келді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625