Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3023 0 пікір 5 Қазан, 2016 сағат 09:51

ОҚО әкімі ЕДС ардагерінің шаңырағында болды

Жақында  өңір басшысы Б.Атамқұлов 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Сәрсен Әбдінұровтың шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында облыс әкімі еліміз егемендік алған жылдары бағындырған биіктеріміз бен жеткен жетiстiктерiміз Сіздердің лайықты еңбектеріңізбен пайымды парасаттарыңыздың арқасы екенін айтып, Отан үшін кеудесін оққа тосып, бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған қарт кісіге алғысын білдірді.

Өз кезінде қазыналы қарт Тәуелсіздік алған 25 жылда жас мемлекетіміз қарқынды дамып жатқанын тілге тиек етіп, Елбасыға және жергілікті билік өкілдеріне көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылығын білдірді. 

Айта кетейік, Сәрсен Әбдінұров 1922 жылы Түлкібас ауданы Қиырбастау ауылында дүниеге келген. 1942 жылы 20 қаңтарда армия қатарына шақырылып, Қазалы қаласында 368 қосалқы полктің командирлер дайындайтын курсын бітірген. 1943 жылы қараша айында Украинада, 1943-1944 жылдары 823 атқыштар полкінде болған. 1944-1945 жылдары Украина майданында соғысты. 1947 жылы елге оралған. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Екінші дүниежүзілік соғыстың Жеңіс мерейтойының медальдарымен марапатталған.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592