Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3503 0 пікір 5 Қазан, 2016 сағат 09:49

Қазығұртта аспаздар байқауы өтті

Қазығұрт ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Аспазшылар байқауы» өтті.

Бұл байқаудың мақсаты - кең көлемде түрлі ұлт өкілдерінің арасында өзара достық пен ынтымақтастықты нығайту және түрлі ұлт пен ұлыс аспаздарының шеберлігін арттыру болып табылады.

Байқауға ауданның 13 ауыл округінен 16 аспазшы қатысып, түрлі ас дайындалды. Негізінен аспазшылар қазақ, татар, өзбек, иран, орыс және ұйғыр тағамдарын дайындап, қазылар алқасына ұсынды. 

Ұлттық тағамдардан Қазығұрт ауылы округінің аспазшылары татар, орыс тағамдарының шебері атанса, Тұрбат ауыл округінің аспазшылары өзбек, ұйғыр тағамдары бойынша қарсылас шақ келтірмеді. Ал Қ.Әбдәлиев ауылы округінің аспазшылары қазақ, иран тағамдарын дайындаудан оқ бойы оза шапты.

Байқау барысында аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары концерт көрсетіп, байқауға өз үлестерін қосты. Жүлделі орындарға ие болған аспазшыларға аудан әкімдігі тарапынан сый-сияпат жасалып, 300-ге жуық көрерменнің көзайымына айналды.

Алғашқы кезеңде түрлі көкөністер салынған үш бірдей қара жәшік әр командаға тапсырылды. Олар бар-жоғы жиырма минут ішінде одан дәмді етіп тағам дайындауы тиіс болатын. Бұл сыннан барлығы да сүрінбей өтті. Ал келесі кезеңде байқауға қатысушылар үйден жасап әкелген тағамдарын дастарханға тартты. Оның қалай жасалғанын түсіндіріп, пайдасына тоқталды. Оқушылардың қолынан шыққан тағамдардан дәм татқан қонақтар үздігін анықтады. Соңынан жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588