Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3490 0 пікір 5 Қазан, 2016 сағат 09:45

Жергілікті полиция қызметі жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін анықтады

ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау -2016» шұғыл алдын алу рейдтік іс-шарасы аясында Облыстық табиғи ресурстар, табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесе осы жылдың екінші қазанында Шымкент қаласы Бозарық айналма аумағында сазды топырақты заңсыз қазып алу деректерін анықтап, тоқтатқан.  

Рейд кезінде полицейлер 1976 және 1956 жылғы азаматтарды, өздерінің  басқаруындағы жер қазу көлігімен (эксковатормен) жерді қазып жатқанда құрықтады. Олар полицейлерге жер қойнауын пайдалануға рұқсат беретін ешқандай нақты құжат көрсете алмаған. Нәтижесінде 2 жер қазу көлігі мен сол жерде тұрған 7 жүк тасу көліктері  заңды шешім қабылдағанға дейін ақылы айыптұраққа тоғытылып, бес жүк көлігіне әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, құқық қорғау орган өкілдері аталған жүк көліктерінің жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының талабын (жол жабындысын ластау) бұзғаны үшін, жалпы 275 мың 730 теңге айыппұл салды. 

Қазіргі таңда аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 334-бабы (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша  қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру  амалдары жүргізілуде. 

Айта кетейік, ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкілдері, жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды (құм-тас қоспасы, топырақ, т.б) заңсыз қазу, тасмалдау, сатуды анықтау, алдын алу және  жолын кесу мақсатында жыл басынан бері  «Табиғатты қорғау -2016» шұғыл алдын алу іс-шарасын үздіксіз жүргізіп келеді.

ОҚО ІІД ЖПҚ баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592