Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3463 0 пікір 5 Қазан, 2016 сағат 09:42

ОҚО-да «Учаске» іс-шарасының шеңберінде 1,5 мыңнан астам құқықбұзушылықтың жолы кесілді

Оңтүстік Қазақстанда «Учаске» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы 2 тәулік бойы жүргізіліп, облыс аумағындағы 7993 пәтер мен жеке үйлер, сондай-ақ, ішкі істер органдары есебінде тұрған 1008 азамат  мекенжайы бойынша тексерілді.

Екі күндік шара нәтижесінде, жалпы 1509 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның 623 дерегі «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша тіркелсе, 886 жағдай жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзу бойынша орын алды.

Сонымен бірге, 68 оқиға қоғамдық көлік жүргізушілерінің тарапынан орын алған жағдай болса, 190 әкімшілік құқықбұзушылық алып жүруге қолайлы бейнежетондарға қатысты тіркелді.  

Шара кезінде автоураган қондырғысының көмегімен жол қозғалысы ережесін бұзғандар тарапынан 466 мың теңге айыппұл өндіріліп, 12 қылмыстың беті ашылды. Оған қоса, сенделіп және қайыршылық жасап жүрген 18 жасөспірім құрықталып, оның 8-і жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналастырылды.

Сонымен қатар, мал ұрлығын анықтау және жолын кесу мақсатында Жергілікті полиция қызметі, прокуратура және мал дәрігерлік қызметі өкілдерінен жұмыс тобы құрылып, облыс және Шымкент қаласы аумағындағы мал базарларына тексеру жүргізілді. Мал тасмалдау барысында ҚР ЖҚЕ бұзған 10 автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 жүк көлігі ақылы айыптұраққа қойылды. Облыстағы мал базарларына тасмалданып жатқан 497 қара, 741 ұсақ және 285 жылқы малдарына  тексеру жүргізілді.

Еске салайық, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында «Учаске» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 

ОҚО ІІД ЖПҚ баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 960
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2461
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 663
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639