Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Көршінің көлеңкесі 5336 0 пікір 3 Қазан, 2016 сағат 15:44

ПУТИН КЕЛЕ ЖАТЫР

Ертең Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ресми іс-сапармен Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин арасындағы кездесу ертең Ақордада өтеді.

Ол жерде екі ел басшылары Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да ұйымдар аясындағы қарым-қатынас жайын талқыламақ.

Екіжақты кездесулерден соң Мемлекет басшылары Қазақстан-Ресей бизнес форумына да қатысады деп күтілуде.

Бұдан ары президенттер Астанада өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ аймақаралық әріптестік форумының жұмысына қатысады деп жоспарланған.

Пленарлы отырыстар аяқталған соң Н.Назарбаев пен В.Путин бірқатар құжаттарға қол қоймақ.

Бүгін Ресей Президенті Орынбор облысында кәсіпкерлермен кездесіп жүр.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин 16-қыркүйекте Бішкекте өткен ТМД елдері басшыларының жиынында жолыққан болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 910
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2357
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 616
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 594