Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4318 0 пікір 3 Қазан, 2016 сағат 13:50

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСІ ПУТИНГЕ СҰРАҚ ҚОЯ АЛМАЙ МА?

Путин ертең Астанаға келеді. Өткен жылы да қазан айының ортасында келіпті. Сол сапарға орай, бір жыл бұрын, «Путинге кім сұрақ қояды?» деп елеңдедік. 

«Путин «Селигердегі» жастар форумында «У казахов не было государственности никогда» деп салды. Салғанда сойылмен, қазақтың басынан, оңдыртпай салды.

...Мұны енді жайына қоюға болмайды. Біздің елге сапары кезінде Путинге «Қазақтарда ешқашан мемлекет болған емес» деген пікірді неге сүйеніп айттыңыз? Сол үшін қазақ халқынан кешірім сұрамайсыз ба?» деген сұрақ қабырғасынан қойылуы керек. 

Қалың қазақ бұл сұрақты қоя алмайды, әрине. Біз қоя алмаймыз, журналистикадан алыстамыз, «бір жерде тілші едік» дейтіндей тілдей қағазымыз да жоқ. 

Қойса, президенттік пулға немесе екі президент өткізетін ортақ баспасөз конференциясына (?) тіркелетін журналистердің бірі ғана қоя алады. Ондай журналист шығып, сондай сұрақты қойып жатса, шайға шақырып, басымды иер едім. Міне, осындай күйге де жеттік» деген мазмұнда сәлемхат жазғанбыз.

Ертең ол тағы да келеді. Путинге ешкім сұрақ қоя алмай ма?

Талғат Ешенұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566