Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4119 2 пікір 3 Қазан, 2016 сағат 10:14

Түркияда Гүленнің бауыры қамауға алынды

Түркияда оппозициялық дін уағыздаушы Фетхуллах Гүленнің бауыры қамауға алынды. Анкара Гүленді шілдедегі әскери төңкерісті ұйымдастырды деп айыптап отыр. Оның бауыры Кутбеттин Гүлен бүлікке қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады жексенбі күні Anadolu ақпарат агенттігі.

Фетхуллах Гүлен Құрама Штаттарда тұрады. Түркия дін уағыздаушыны елге қайтаруын бірнеше мәрте Вашингтоннан сұрады. Гүлен болса кінәсі тәуелсіз сотпен дәлелденген жағдайда ғана елге оралатынын мәлімдеді.

Түркияда әскери төңкеріс жасауға талпыныс 16 шілдеде түнде тіркелді. Билік бүлікті басты. Бүлік кезінде 240-тан астам адам қаза тапты. Анкара тергеу барысында он мыңнан астам адамды ұстады.

Абай ақпарат

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 912
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2365
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 620
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 599