Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3375 0 пікір 3 Қазан, 2016 сағат 10:11

«Заңнама мәтіндері: теңтүпнұсқалылықты қамтамасыз ету және терминдерді біріздендіру мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өтеді

АҢДАТПА

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті

ағымдағы жылғы 4 қазанда Астана қаласында

«Заңнама мәтіндері:  теңтүпнұсқалылықты қамтамасыз ету және терминдерді біріздендіру мәселелері»  атты  республикалық әдістемелік семинар өткізеді

 

         Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі заңнама мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі нұсқаларын және ісжүргізу сапасын жақсарту, салалық терминдерді біріздендіру мақсатында «Заңнама мәтіндері: теңтүпнұсқалылықты қамтамасыз ету және терминдерді біріздендіру мәселелері» тақырыбында республикалық  әдістемелік семинар өткізеді.

Семинарда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі,  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратының Редакциялық-баспа, Редакциялау және аударма бөлімінің мамандары заңнама мәтіндерінің сапасын арттыру, заңнама мәтіндеріндегі терминдерді біріздендірудің өзекті мәселелерін талқылайды.

Семинарға орталық және жергілікті атқарушы органдарының,  ұлттық компаниялар мен  акционерлік қоғамдардың  мемлекеттік тілде ісқағаздарды жүргізуге жауапты мамандар қатысады. 

Байланыс телефондары:

факс: 8 (7172) 408397;

тел: 8 (7172) 408393 (жұмыс); 87472642646; 87013198887

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570