Жексенбі, 24 Қараша 2024
Бірлік 5500 0 пікір 2 Қазан, 2016 сағат 11:23

А.ЛОДОЧНИКОВ. "СІЗДІ ӘКЕМ РЕТІНДЕ САНАЙМЫН!"

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесу барысында жақсы өмір сүру үшін университетті бітіру міндетті еместігін алға тартты. Бұл туралы Абай-ақпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жақсы өмір сүру үшін жақсы университеттерді бітіру міндетті емес және ондай адамдар шамамен әлем бойынша екі пайызды алады", - дейді мемлекет басшысы. Ол алғашқы болат қорытушы мамандығын техникалық училищеден меңгергенін алға тартты.

"Жұмысшы мамандықтар адамға күнделікті нанын тауып беріп қана қоймай, университеттің дипломынан да үлкен абырой әкелуі мүмкін. Алғашқы жылдары жастар экономист, заңгер болуға талпынатын, ақыры сұранысқа ие болмай қалды. Сол үшін жұмысшы мамандықтарға құрметпен қарау керек. Мен басшылар қоластындағыларға дауыс көтергенін ұнатпаймын. Олай істеуге болмайды", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Качир балалар үйінің түлегі, музыкалық мектептің тәрбиеленушісі Алексей Лодочников Нұрсұлтан Назарбаевтың өңір жұртшылығымен кездесуі барысында Президентке өз арманын айтты.

- Мен де көптеген қазақстандық балалар сияқты Сізді әкем ретінде санаймын. Әр баланың арманы болады. Ал, менің арманым бүгін орындалды. Мен Сізбен кездесуді армандаған едім. Белгілі қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО-да «Балқадиша» әнін орындаған. Мен теледидардан осы әнді Сіздің шырқағаныңызды көрдім. Енді мен бұл әнді Сізге орындағым келеді. Сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінде ән салсам деймін, - деді Алексей қазақ тілінде.

Президент жас жігітті мемлекеттік тілді жақсы меңгергені үшін мақтады.

- Сен менің серіктестеріме қарағанда қазақ тілінде жақсы сөйлейсің, - деп Нұрсұлтан Назарбаев ел тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Астанада өтетін концертке шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572