Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қарбалас 3452 0 пікір 2 Қазан, 2016 сағат 00:00

«Мексика-Қазақстан» парламенттік достастық тобы құрылды

Мексика Құрама Штаттарының депутаттар Конгресінде Қазақстанның Мексикадағы елшілігінің бастамасымен «Мексика-Қазақстан» парламенттік достастық тобы құрылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстанның Мексикадағы елшісі Андриан Елемесов пен елшілік дипломаттарының қатысуымен аталған топты құрудың ресми рәсімі болып өтті. Іс-шараға сондай-ақ Конгресс депутаттары — «Мексика-Қазақстан» тобының мүшелері, Мексика Сыртқы істер министрлігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімді ашқан Мексика парламенті төменгі палатасының депутаты Хосе Рефухио Сандовал Родригес Қазақстанды «Орталық Азияда ең дамыған мемлекеттердің бірі және әлемдегі ең тартымды инвестициялық орталықтардың бірі» деп атады.

«Қазақстанның стратегиясы халықтың әл-ауқатының негізін қалайтын және елдің индустриялдық даму базасына ықпал жасайтын бизнес-климат пен саяси тұрақтылықты дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта мемлекеттеріміздің алдында ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер тұрғанына байланысты, Мексика парламенті төменгі палатасының депутаттары екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға жағдай жасайтын қазақстан-мексикандық достастық тобын құру туралы шешім қабылдады», деді ол.

Елші А.Елемесов өз кезегінде Қазақстан Республикасының басты жетістіктері, еліміздің халықаралық қатынастардағы рөлі, бейбітшілікті сақтау мен қарусызданудағы негізгі бастамалары, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық климатты жақсарту бағытында қолға алып жатқан шаралары туралы баяндап, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың келешегін айқындады.

Іс-шараның соңында «Мексика-Қазақстан» парламенттік тобының ресми құрылғаны туралы жарияланып, оны растау ретінде тараптар Құрылтай актісіне қол қойды. А.Елемесов сондай-ақ Мексика парламентінің құрметті қонақтарының кітабына естелік жазба қалдырды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570