Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4666 0 пікір 1 Қазан, 2016 сағат 23:13

ҰБТ жаңалықтарын ұғындырды

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілетін жаңалықтарды түсіндіріп берді.

«Қазір ҰБТ бойынша түпкілікті жоба әлі жоқ. Ол педагогикалық қоғамдастық талқылауына ұсынылады. Жалпы, жоба талқылауға дайын тұр. Ол мектептерде бірнеше пәннен түлектердің емтихан тапсыруына қарастырады. Ал ҰБТ  жалғыз ғана, сұрақтар құрылымы өзгеріске ұшырайды», -  деді ол.

Оның нақтылай түсуінше, жобада 100-ден астам сұрақтың болуы көзделген.

«Оның 60 сұрағы математикаға, жылдам оқуға, түсінуге қатысты болады. Ол барлығына да бірдей. Талапкердің болашақта таңдайтын мамандығына қатысы бар 60 сұрақ  30 сұрақтан 2 блогқа бөлінген.  Егер шартты түрде айтар болсақ, түлек медицинаға түсетін болса, онда ол 60 стандартты сұраққа жауап береді. Оның 30 сұрағы биологияға, ал келесі 30-ы химияға қатысты. Ұпай жинайды. Қалған процедура айтарлықтай өзгеріссіз қалады»,-  деді Е.Сағадиев. 

Оның сөзіне қарағанда, бұл жоба қазігі уақытта толықтай дайын және педагогикалық қоғамдастықтың шағын бөлігіне талқылауға берілген.

«Талқыланғаннан кейін біз жобаны ҚР БҒМ сайтында жариялап, пікір қабылдай бастаймыз», - деді министр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 979
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2505
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 683
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 654