"Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандар қатаң бақылауда
"Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандар қатаң бақылауда. Өйткені бұл бағдарлама еліміз үшін стратегиялық мәні зор бағдарлама болып табылады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалды "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандарда атқарылған жұмыс көлемдері мен бағытталған қаражаттарды уақытылы әрі тиімді игеру жөнінде аудан, қала әкімдіктерінің және тиісті облыстық басқарма басшыларының қатысуымен селекторлық мәжіліс өткізді.
Жиында Шымкент қаласы, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам аудандарындағы нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей, жоспарланған қаржы игерілмегіндігі айтылды. Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқарма басшыларына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылыс жұмыстары бекітілген кестеден қалыс қалған мердігер мекемелерге, заң талаптарына және түзілген келісім-шартқа сәйкес тиісті шаралар қабылдауды және жүргізіліп жатқан құрылыстардың сапасына, жобаға және бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес орындалуын тұрақты бақылауға алуды тапсырды.
Айта кетейік 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы арқылы 36 нысан - 1 жатақхана, 11 инфрақұрылым, 23 мектеп пен 1 балабақшаның құрылысы жоспарланған болатын.
Abai.kz