Қазақстанда бес күндік акция барысында 1,8 млн-дай бала полиомиелитке қарсы егіледі
Астана. 6 қыркүйек. ҚазТАГ - Арсен Бектасов. Қазақстанда қыркүйектің 6-10 аралығында 6 жасқа дейінгі балаларға полиомиелитке қарсы егу жүргізіледі, деп ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті.
«Бүгінен бастап алдағы бес күн бойына, 10-шы қыркүйекті қоса есептегенде, 6 жасқа дейінгі балалар полиомиелитке қарсы егіледі. Олардың жартысы егіліп те қойылуы мүмкін», - деді Ж. Досқалиев дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, аталған акциямен 1,8 млн баланы қамту жоспарланған. Бүгінге 4532 егу бригадалары жұмысқа кірісті. Оның ішінде 1229 көшпелі бригада ауылды жерлерге барып, балаларды егуде.
Балаларды полиомиелитке қарсы иммунизациялау үшін ҚР үкімет ЮНИСЕФ-тің қолдауымен (БҰҰ балалар қоры) Бельгияда шығарылған 2 млннан астам дозаны Т57,8 млн-ға сатып алды.
Еске салсақ, полиомиелит - бұлшық еттерде тілік пайда болдырып, сал ауруын тудыратын, жүйке жүйесін зақымдайтын өте күшті инфекциялық кесел.
Инфекция тамақпен, сумен, тұрмыстық-байланыспен сондай-ақ ауадағы-тамшылар арқылы беріледі. Полиомиелитпен ең көбі 15 жасқа дейінгі балалар аурады.
Аталған инфекцияның арнайы емі жоқ. Аурудан сақтанудың жалғыз түрі - дер кезінде вакциянациялау.