Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды 15 қырқүйектен кейін маусымдық тұмауға қарсы егілуге шақырды
Астана. 6 қырқүйек. ҚазТАГ - Әрсен Бектасов. ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев қазақстандықтарды маусымдық тұмауға қарсы егілуге шақырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Тұмау вирусы жыл сайын өз генотипін өзгертеді. Сондықтан барлықтарыңызды екі аптаның ішінде қарсы тұру қабілеті қалыптасу үшін 15 қырқүйектен кейін егілуге шақырамын», - деді Ж. Досқалиев дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында.
Ол өзі жыл сайын егілетінін атап өтті.
«Әдетте тұмау маусымынан кейін қалған вакцина болса, ол тәркіленіп, жойылады. Сондықтан өткен жылғы вакцинаны егу ықтималдылығы жоқ», - деді Ж. Досқалиев.
«Тұмауға қарсы «қысқа» вакцина егілетінін, адамда 6 айға дейінгі қысқа мерзімге ауруға қарсы тұру қабілеті пайда болатынын түсіну қажет», - деді министр.