Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3584 0 пікір 6 Қыркүйек, 2010 сағат 19:09

Қазақтардың көтерлісі туралы ғылыми еңбек

1946 жылы 17 желтоқсанда Ташкент қаласында қорғалған Елтоқ Ділмұхамбетовтің «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған қазатардың көтерілісі» атты кандидаттық диссертациясының ғалымның отбасында көздің қарашығындай сақталған жалғыз данасы араға 64 жыл салып, қайта басылып шықты. Қуан, Алаш! Тағы бір өшкенің жанды.

Сталиннің көзі тірі тұрған уақта бұл ғылыми еңбек совет өкіметіне қарасты елдердің кітапханасынан алынып, ғылыми айналымнан түсіп, жойылып кеткен. Ал, авторы қамауға алынып, кейіннен босатылған. Ал, осы ғылыми еңбекке оппонент болған белгілі ғалым Ермұхан Бекмаханов атың өшкір ГУЛАК та жазықсыз жапа шеккен.

Қазақ тарихы үшін маңызы зор, бірегей тарихи ғылыми еңбекті қайта жарыққа шығарған Болатхан Тайжан қоры мен Елтоқ Ділмұхамедовтің ұрпақтарына Алаштан алғыс!

Ресей патшалығының зәресін ұшырып, 10 жылға созылған және бүкіл қазақ даласын қамтыған Хан Кене бастаған ұлт-азаттық көтерілістің куәгерінде аталған ғылыми еңбек республиканың жоғарғы оқу орындары мен облыстық кітапханаларға және үкіметке, көршілес елдердің ғылыми орталықтарына жіберілген.

Тағы бірді айтып, бірге кетеміз-ау. Десе де, Ермұхан Бекмаханов деген соң еске түсіп отыр. Бір әңгімесінде алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай: «40-50 жылдары Қазақстандаңғы ғылыми ортада сталиндік қудалау кезінде ерекше белсенділі  танытқан, КГБ нің Қазақстандағы бейресми өкілінің бірі болған Сақтаған Бәйішевтің атында көше бар. Біз не бетіміз қазақ ғылымының соңына шам алып түскен адамға көше беруіміз керек?», - деп ашына айтқан еді. Шынында да, біз, алаштың ұландары ақ пен қараны айырып, ажырататын кез жетті-ау... Қалың ел қарап отыр ғой...

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351