ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Жақында Омбы қаласында “Ресей қазақтары: тарих және қазіргі заман” тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Омбы облысы Мәдениет министрлігінің, Ф.М.Достоев¬ский атындағы Омбы мемлекет¬тік университетінің, Ресей Фе¬дерациясы Ғылым академиясы (РФ ҒА) Сібір бөлімшесінің Архео¬логия және этнография институты Омбы филиалының және Қазақстан Республикасы¬ның Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институ¬ты¬ның, Орталық мемлекеттік мұражайының, Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының ұйымдастыруымен өткізілген бұл конференцияға екі елдің білім, ғылым және мәдениет саласын¬да¬ғы бірқатар мекемелері мен жоғары оқу орындарының өкіл¬де¬рі, Ресейдегі Қазақстан елші¬лі¬гінің, Омбыдағы Консулдық¬тың қызметкерлері қатысты.
Конференцияның жалпы оты¬рысында тарих ғылым¬дары¬ның докторы, профессор Н.Бек¬маханова (РФ ҒА Ресей тарихы институты), фило¬логия ғылым¬дарының докторы С.Байменше (ҚР РФ Елшілігі), тарих ғы¬лымдарының кандидаты К.Бал¬табаева (Әл-Фараби атын¬да¬ғы ҚазҰУ), тарих ғылым¬дары¬ның докторы, профессор Ж.Ер¬мекбаев (ҚР Орталық мемлекет¬тік мұражайы), тарих ғылым¬дары¬ның кандидаты З.Сұраға¬нова (ҚР Мемлекет тарихы инс¬титуты), тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.Томилов пен тарих ғылымдарының канди¬даты Ш.Ахметова (РФ ҒА Сібір бөлімшесінің Археология және этно¬графия институты Омбы филиалы) баяндама жасады.

Бұдан кейін конференция жұ¬мы¬сы бес секция бойынша жалға¬сып, екі елдің ғалымдары Қазақ¬стан мен Ресей халықтары ара¬сын¬дағы өзара қарым-қатынасқа, Ресей қазақтарының тарихы мен мәде¬ние¬тіне, ұлттық білім беру мен ана тілді сақтау проблемасына, қазақ¬тардың Ресей мұражайларындағы тарихи-мәдени мұрасына, екі ел халықтарының этносаралық байла¬ныс¬тарына, қазіргі заманғы этнос¬тық үдерістерге, ресейлік қазақтар¬дың жаһандану дәуіріндегі даму үрдістері мен перспективаларына қатысты көптеген көкейкесті мәселелерді талқылады.
Форум аясында Омбы облысы¬ның Нововаршавск ауданындағы негізінен қазақтар тұратын Қара¬өзек ауылында конференцияның көшпелі шығармашылық зертхана¬сы ұйымдастырылды. Конферен¬цияға қатысушылар осы ауылда он алты жылдан бері жұмыс істейтін “Құлан Қыпшақ” мешітінде, мешіт жанындағы медреседе болды. Ауыл медресесінде бүгінде оннан астам шәкірттермен бірге, имандылық жолына түскен кейбір ересек адам¬дар да діни білім алуда. Бұдан кейін мектеп мұражайына экскурсия жа¬салып, осы білім ұясында этно¬пе¬да¬гогика және оқу-тәрбие мәселе¬лері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Конферен¬ция¬ға қатысушыларға ұлттық ғұрып¬тың мысалы ретінде қазақтың баланы тұңғыш рет атқа мінгізу жорасы көрсетілді.
Берекелі болашаққа негіздел¬ген бүгінгі өзара тиімді ынты¬мақтастық, ғасырлар бойы ор¬нық¬қан тату көршілік, сенімді әріптестік, туысқандық байла¬ныс¬тар, өткен тарихтың ортақты¬ғы біздің елдерімізді берік бай¬ланыстырып отыр. Бұл қарым-қатынастар қазір қай кездегіден де мазмұнды һәм маңызды. Бұған Ресей Федерациясында тұратын мыңдаған қазақтар елеулі үлес қосып келеді. Отандастарымыз Ресей жерінде қоғамдық ұйымдар құрып, ұлттық даралығын, ана тілін, салт-дәстүрлерін сақтап, қазақ мәдениетін кеңінен насихаттауда.
Міне, осынау сүйінішті сәттер Омбы облысының губернаторы – Омбы облысы Үкіметінің төр¬ағасы Л.Полежаев пен Қазақстан Республикасының Ресей Феде¬рациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ә.Жақсыбековтің конференцияның ұйымдастыру¬шы¬лары мен қатысушыларына жолданған құттықтауында жан-жақты атап көрсетілді.
“Егемен-ақпарат”.
«Егемен Қазақстан» газеті 29 мамыр 2009 жыл