Қырғызстан басшылығы сайлауда деструктивті әрекеттерге жол бермеуге уәде етіп отыр
Бішкек. 7 қыркүйек. ҚазТАГ –
«Біз парламенттік сайлау барысында күш көрсету әрекеттеріне, ұлтаралық дүрдараздықты қоздыруға жол бермейміз. Егер сайлауға қатысушылар сайлаушыларды сатып алумен айналысса, заңды бұзса, оларға қатысты ең қатаң шаралар қолданылады», - деді Р. Отунбаева, сейсенбі күні «Заңдардың сақталуы - қауіпсіз сайлау өткізудің кепілі» атты конференцияда сөйлеген сөзінде.
Бұл ретте ол «егер қажет болса, біз төтенше жағдай енгізіп және сайлауды тоқтатып қоюға дайынбыз» деп атап көрсетті.
«Барлық партиялар мен БАҚ-тар халық алдындағы өзінің жауапкершілігін есте сақтағаны жөн. Бірақ, өкінішке қарай, бүгін партиялар арасындағы күрес өркениетті түрде өтеді дегенге күдік бар. Ол жұмыс істеу мәнері мен айтып жатқан сөздерінен көрініп тұр. Біз «қара» пиардан бас тартуға шақырамыз. Ол туралы менен көптеген кездесулдерде барлығы да сұрап жатыр», - деп атап көрсетті президент.