Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2377 0 пікір 8 Қыркүйек, 2010 сағат 05:08

2011-ші жылдың басында Қазақстанда қалдықтарды басқарудың ұлттық стартегиясы пайда болуы тиіс – сарапшы

Астана. 7қыркүек. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева.Қазақстанға қалдықтарды басқару стратегиясы керек, деп есептейді халықаралық сарапшы, Еуроодақтың «Қазақстанда экологиялық саясаттағы тетіктерді енгізу» жобасының жетекшісі Расселл Фрост.

«Келесі жылдың басында қоршаған ортаны қорғау министрлігінде ондай стратегия пайда болады деп болжануда», - деді сарапшы сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

«... Біздің ұсынып отырған негізгі ұсынысымыз - ұлттық стратегияны жасау. Аталған стартегия, біз үміттенгендей, аймақтық және жергілікті жерлердегі ТҚҚ-ларды басқару бойынша әдістемелік ұсыныстардың, ережелердің дамуына арқау боларлық «өзек» болады. Екінші жағынан ол ТҚҚ-ларды басқару бойынша қызметті әзірлеп ұсынудың негізі болады. Ол халық үшін баға жағынан қол жетерлік болып, осы салада Қазақстанды ілгері жылжытады», - деді Р. Фрост.

Ол ТҚҚ-ларды басқару саласындағы Қазақстандағы тарифтерді 50-70%көтеру керек деп есептейді. «Қолданыстағы тарифтер (ТҚҚ-лардағы - ҚазТАГ) ағымдағы шығындарды жабу және қалдықтарды келешекте кәдеге жаратуға кететін шығындардың қажет ететін деңгейінің 30-дан50%мөлшерінде», - деді ол.

«Біз тек қана тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) басқару бойынша тарифтерге шолу жүргізбей, су алу және су ресурстарын пайдалану тарифтеріне де шолу жүргіздік. Сөйтіп, қолданыстағы тарифтер тым төмен деген қорытындыға келдік», - дейді Р. Фрост.

Бұл ретте ол тек екі жол бар - бірі не тарифтерді көтеру, не бұл саладағы жұмыстарға әкімдіктерден тұрақты субсидиялап отыру бар дейді.

«Әрбір тірі тетіктің өз ғұмыры бар сияқты, қалдық полигонының да өз ғұмыры бар. Ол толған соң оны жауып, үстіне топырақ төсеп, рекультивациялау керек. Ол да келешекте айтарлықтай инвестиция салуды қажет ететінін түсіну керек», - дейді халықаралық сарапшы.

Журналистердің сауалдарына жауап бере келіп ол астана қоқыс полигонында болғанын және «ол әлемдік озық үлгімен жасалғанын» растады.

«Бірақ, (...) өкінішке қарай бұл полигон ең озық стандарттар бойынша пайдаланылмайды. Егер оны пайдалануды жақсартса, онда ол полигон келешекте бүкіл Қазақстан үшін үлгі болар еді», - деп қорытындылады Р. Фрост.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383