Қырғызстан президенті АҚШ-тан бидай сұрады
Бішкек. 10 қырқүйек. ҚазТАГ – Игорь Шестаков. Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі президент Роза Отунбаеваның бидай түрінде жедел гранттық көмек көрсетуді сұрап, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтонның және АҚШ ауыл шаруашылық министрі Том Вилсектің атына жазған үндеуін жолдады.
«Үндеуде Қырғызстанға 2010 жылдың 1 желтоқсанына дейін 50 мың тонна азық-түлік бидай және 20 мың тонна күріш бөлу туралы өтініш айтылған», - делінген ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметі жұма күні таратқан хабарламада.
Онда атап көрсетілгендей, қазіргі уақытта Қырғызстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаржы министрлігі СІМ-мен бірлесіп Америка жағымен азық-түлік бидай мен күріш жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.