Павлодар облысында орман өртінде зардап шеккен әйел тірі; АШМ шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін кешірімі сұрайды
Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан НысанбаевПавлодар облысында өрттен зардап шеккен әйелдің қаза болғаны туралы ақпаратты теріске шығарды.
«Оның қаза болғаны туралы ақпаратты мен бүгін таңертең резерват директорынан алдым. Қазір мән-жайды анықтай келе, ол әйелдің тірі, бірақ ауыр халде ауруханада жатқаны анықталды. Сондықтан мен шындыққа жанаспайтын мәлімет таратқаным үшін кешірім сұраймын», - деді Е. Нысанбаев ҚазТАГ тілшісіне.
Бұрын хабарланғандай, комитет төрағасы жұма күні Павлодар облысында орман өртінен қаза болғандар саны 7 адамға жетті деп хабарлаған болатын.
«Бүгін таңертең ауруханада Нұрбаевтар отбасының анасы өртте алған күйіктен қаза болды», - деп Е. Нысанбаев жұма күні баспасөз мәслихатында мәлім еткенді.
«Сөйтіп орман өртінен қаза болғандар саны 7 адамға жетті», - деген комитет төрағасы.
Еске салсақ, орман өртінде 4 адамнан тұратын отбасы зардап шекті. Нұрбаевтар отбасының әкесі мен оның екі ұлы өрт аумағынан автокөлікпен қашып кетпекші болғанда алған күйіктен қаза болды. Қаза болған балалардың анасы қазір ауыр хале ауруханада жатыр.

Бұрын хабарланғандай, қаза болғандар арасында «Ертіс Орманы» мемлекеттік табиғи резерваттың Бесқарағай филиалының орманшылары, оның ішінде Бесқарағай филиалының директоры Ержан Байкетаев, тракторшы Н. Самусь пен мемлекеттік инспектор Е. Молгаждаров бар.
Сондай-ақ Бесқарағай филиалының Көкжал орман шаруашылығындағы өртті сөндіру кезінде жастары 46 және 59 жастағы 2 өрт сөндіруші қаза болды.
ТЖМ басшысы Владимир Божконың айтуынша, Шалдай орманының өрт сөндіру кезінде қаза болған орманшыларын марапайтталынады және олардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі.