Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3312 0 пікір 1 Желтоқсан, 2016 сағат 12:19

Жерді игергеннің жетістігі мол

Елімізде өз ерекшелігіне қарай әр өңірде әртүрлі өнімдер егіліп, өндіріледі. Әр жердің ерекшелігін ескергеннің арқасында өнім де еселене түседі. Мәселен Оңтүстік қазақстан облысы Мақтарал ауданы негізінен дәндік дақылдар егуге бейімделген. Жердің ерекшелігіне мән бергеннің арқасында алынатын өнім де мол.


Мәселен Мақтарал ауданы бойынша 2016 жылдың 9 айында ауыл шаруашылық дақылдарынан өндірілген өнімдер көлемі төмендегідей:

- күздік бидай – 915,0 тонна;

- бақша дақылдары – 607 966,2 тонна;

- көкөніс дақылдары – 125 999,0 тонна;

- картоп – 17 084,6 тонна;

- мал азықтық дақылдары – 156 390,4 тонна;

- дәндік жүгері – 55 257,3 тонна;

- күнбағыс – 1 537,7 тонна; 

- күріш – 12965,0;

- маш – 428,7 тонна;

- мақта – 208 411,8; 

- жеміс-жидек және жүзім – 6 301,0 тонна.

Талай жылдан бері ауылшаруашылығы жұмыстарымен айналысып келе жатқан шаруалар алдағы уақытта еңбек өнімділігін әлде де арттыру туралы ойласуда. Мәселен егіншілікте мол өнімге кенелу үшін қол еңбек күшін азайтып, жаңа технологияларды көбірек қолдану арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізілетіні дәлелденген. Мәселен 2016 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өндірілген өнімнің көлемі 43 млрд. 983,6 млн. теңгені құрап (оның ішінде: мал шаруашылығы 14 млрд. 601,7 млн. тенге, өсімдік шаруашылығы 29 млрд. 067,9 млн. тенге, а/ш саласына көрсетілген қызмет 314,0 млн. теңге), алдыңғы жылға қарағанда нақты көлем индексі 100,3 пайызды құрап отыр (оның ішінде: мал шаруашылығы 102,4 %, өсімдік шаруашылығы 99,3 %, а/ш саласына көрсетілген қызмет 100,0 %). (2015 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өндірілген өнімнің көлемі 34 млрд. 716,8 млн. теңгені құраған (оның ішінде: мал шаруашылығы 10 млрд. 560,3 млн. тенге, өсімдік шаруашылығы 23 млрд. 787,4 млн. тенге, а/ш саласына көрсетілген қызмет 369,1 млн. теңге).

Abai.kz

0 пікір