Мақтарал ауыл шаруашылығына бейімді өлке...
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы талай жылдан бері жер еміп келе жатқан, берекелі өлке. Ауыл шаруашылығына бейімді аталмыш өңірде 22 мыңнан астам шаруа қожалығы жұмыс істейді. Еңбекқор шаруа қожалықтарын мемлекет тарапынан қолдау жұмыстары да ойдағыдай жүргізілуде. Әсіресе соңғы үш жылда ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары үш есе артқан. Ал биылдан бастап сатып алынған ауыл шаруашылығы техникаларының 25 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланатын болған.
Яғни халықтың жерді игеруіне, жерді өз мақсаттарына тиімді пайдалануға бар жағдай жасалынған. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңында атқарушы билікке аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген. Бүгінгі күні дәл осы бағытта барлық жұмыстар, ұтымды ұйымдастырылуда деуге болады.
Мәселен ауданда ауыл шаруашылық дақылдарының егістік жер көлемдерін әртараптандыру мақсатында, биылғы жылы 235,5 га жерге бидай, 3,8 га жерге арпа, 3709,0 га жерге жаңа жоңышқа, 83011,1 га жерге мақта, 5382,5 га жерге түрлі көкөністер, 23114,8 га жерге бақша, 1066,8 га жерге картоп, 10864,8 га жерге дәндік жүгері, 598,7 га жерге күнбағыс, 2182,7 га жерге күріш, 1540,7 га жерге сүрлемдік жүгері, 158,8 га жерге маш, 33,0 га жерге ноқат, 0,9 га жерге қант қызылшасы, 28,6 га жерге жаңа жеміс-жидек, 58,6 га жерге жаңа жүзім екпелері егіліп отыр. Көп жылдық екпелердің үлесі 7192,2 га (оның ішінде: ескі жоңышқа 6051,5 га, жеміс-жидек 474,4 га, жүзім екпелері 666,3 га) жерді құрайды.
Abai.kz