Жұма, 27 Желтоқсан 2024
5449 0 пікір 1 Желтоқсан, 2016 сағат 11:00

МӘСКЕУ. ЖАҢА КІТАПТЫҢ БАС ҚАҺАРМАНЫ - Н. НАЗАРБАЕВ

МӘСКЕУ.ҚазАқпарат  ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып,  "Имя, ставшее эпохой. Нурсултан Назарбаев: новое прочтение биографии" атты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған кітапты таныстырды деп хабарлайды.

Еңбектің авторы белгілі ресей жазушысы Николай Зенькович. Шараға М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий, «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университетінің әлемдік экономика және әлемдік саясат факультетінің деканы Сергей Караганов, ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусман, кітап авторы - жазушы Николай Зенькович, «Яуза» баспасының бас директоры Павел Быстров қатысты.

Баспасөз конференциясына модератор ретінде сөз сөйлеген Михаил Гусман атап өткендей, кітап ҚР Тұңыш Президенті күніне арналды. «Бүгін бізде маңызды таныстырылым. 1 желтоқсанда бізбен дос ел - Қазақстанда дәстүр бойынша Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Бүгінгі біздің кездесуіміз осы оқиғаға байланысты», - деді Гусман. Біздің Мемлекет басшысы негізгі кейіпкер болып табылатын кітапқа әлемдік тарих оқиғасы арқау болған. Өз пікірімен сонымен қатар М.В. Ломоносов атындағы ММУ ректоры Виктор Садовничий бөлісті.

«Кітапты оқыдым. Өте қызықты жазылған. Кітап 25 жылда ұмытылып кеткен фактілер, күндер, бір кездері біз естіген пайымдарды еске түсіретіндігімен тарта түседі. Келешек ұрпақ 80-ші жылдардың аяғынан бастап біз көрген қиын жылдардағы сәттерді көз алдынан өткізетін болады. Бұл уақыттарды өткеру оңай болған жоқ», - деді ол. Садовничий өмір жолында Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғаны танып-білетінін, мақтан тұтатынын атап өтті. Ол Президентпен танысқан жылдары туралы өзінің естеліктерін айтып берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052