Бүгін Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты «Қазақша сөйлесейік!» акциясы аясында «Қырағы көз!» айлығының басталуын жариялады.
Өткізілу күні мен уақыты: 2010 жылғы 9 қыркүйек, сағат 11.00-де
Өткізілу орны: Астана қаласы, «GREEN» Сауда Орталығы (Уәлиханов көшесі, №20)
Бүгін Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты «Қазақша сөйлесейік!» акциясы аясында «Қырағы көз!» айлығының басталуын жариялады.
Іс-шараның мақсаты - халық тұтынатын тауар өндірушілерді мемлекеттік тілді құрметтеуге шақыру, қоғамды тіл тазалығы жолындағы жұмысқа тарту, тауар этикеткаларындағы қазақ тіліндегі ақпараттың қателерін табу, олардың деңгейін арттыруға ықпал ету, қазақ тілінің стилистикасы мен тіл мәдениетінің сақталуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының директоры Азат Шәуеевтің айтуынша: «Біздің акцияның көздегені тауарлардың этикеткаларындағы, қораптарындағы, нұсқаулықтарындағы қазақ тіліндегі қателерді әшкерелеу. Тауарлардағы ақпараттың қазақшалары қате жазылатыны құпия емес, олар тауар туралы ақпаратты дұрыс бермеуімен қатар, тұтынушылардың ашу-ызасын келтіреді. Сондықтан, бүгіннен бастап біздің волонтерлар өз тауарларындағы қазақ тілін, оның стилистикасы мен терминологиясын бұрмалап, ақпаратты орыс тілінен дұрыс аудармаған тауар өндірушілерді анықтауға кіріседі. Біз осы акциямыз арқылы тауар өндірушілер мен сауда жүйелерінің иелерін мемлекеттік тілді бұрмаламай, тұтынушыларға арналған ақпаратты сапалы аударуға назарларын аудартқымыз келеді».
Акция бір ай бойы жүзеге асып, кез келген сауда орталығындағы өнімдерде қазақ тілінде жазылмаған немесе қате жазылған тауарларды тауып, сол тауарды өндіруші мекеменің анықталуын көздейді.
Аталған шараға барлық сауда орталықтары қамтылып, әрбір сатып алушының құлақ қағысына ие болуы қажет. Акцияға қала тұрғындары мен қонақтары да қатыса алады. Қате жазылған немесе қазақ тілінде ешқандай ақпараты жоқ өнімдердің этикеткаларын (қораптарын, ыдыстарын) неғұрлым көптеп жинап, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалына (Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 3) әкеліп өткізген алғашқы 20 сатып алушы Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының арнайы сыйлықтарымен марапатталады.
Шараның нәтижесін акцияны ұйымдастырушылар тобы қазан айында жариялайды.
Қосымша ақпарат: 8/7172/555581, 74-29-92