Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2696 0 пікір 12 Қыркүйек, 2010 сағат 13:53

Қасқабас Қазақ. Паленыйдың пәлесі. Ұлтымызды қорлаған жүргізушіге заң бар ма?!.

Жаздың соңғы күндері Алматының кең көшелерінің бірінде Қырғызстан азаматы, құқыққорғаушысымақ Александр Паленыйдың көлігін қалалық жол полициясының қызметкерлері тоқтатады. Паленый мырза жолпол офицерлерінің бұл қадамын «өзіне қарсы жасалған қылмыс, өш алу» деп танып, көлігінен шықпай, куәлігін көрсетпей қасарысып отырып алады. Есесіне көлігінің ішіндегі видеокамерасын шығарып алып, айналасында болып жатқан жайттарды тәптіштеп түсіре бастайды...

Келесі күні Паленый мырза әлемге әйгілі www.youtube.com сайтына exkirgiz деген лақап нысыпымен кіріп, жаңағы видеоны үш бөлім қылып салып қояды. Видеосының алдына Паленый «ехал, никого не трогал, ПДД не нарушал, техосмотр пройден, страховка в наличии... Налетели, остановили... далее смотрите сами» деп алғысөз жазуды да ұмытпапты. Даудың барлығы осыдан шығады. Орыстілді басылымдар мен интернет-сайттар бірауыздан Паленыйды қолдап, оның бұл әрекетіне байланысты «жол полициясының озбырлығына қарсы жеке азаматтың жариялаған соғысы» деп баға береді. Сөйтіп, Паленый мырза бір күннің ішінде орыстілді интернет-форумдардың «геройы» болып шыға келеді. Паленыйдың пәлесінен кейін мәселені Алматы қалалық полиция басқармасының басшысы Арман Сарыбасов жеке айналысатыны жайында мәлімдеме жасап та үлгерді.

Әрине, біздің жол полициясы қызметкерлерінің «ерліктері» туралы талай мақала жазып, жыр жырлауға болады. Алайда, аталған видеоны қарап отырып, көрші ел азаматы «тәртібінің» сын көтермейтінін де байқап қаламыз. Бөтен елдің заң қызметкерлеріне бағынбағаны былай тұрсын, оларды боқтап-балағаттап «блядь», «тупица», «мамбос», «ублюдки» деп ұлттық намысын қорлағанына не дейсің?! Мысалы, қазақ азаматы Ресейге, Германияға не Қытайға барып олардың полиция қызметкерлерін жерден алып, жерге салды дегенді көзіңізге елестете аласыз ба? «Сендерді құртамын», «барлықтарыңды жұмыстан аламын», «көздеріңе көк шыбын үймелетемін» деп көкірек қағатынына сенесіз бе?

Кез-келген ең демократиялы, ең зайырлы мемлекетте паленыйлардың өздерін соттап, айыппұл салып, екі күнде еліне қайтарып, ендігі уақытта келместей етіп «персона нон грата» етер еді. Жақында Францияда тәртіп бұзған, полицияға қарсы шыққан  сығандарды Шығыс Еуропадағы отандарына тентіретіп жібергенде ешбір ел Францияға «сендердің бұларың дұрыс емес» деген жоқ. Ал қазақ полициясының сиқы мынау!  Ертеңгі күні басшылар ақылдаса келіп, бишара инспекторларды қудалап, жұмыстан шығарып, есесіне Паленыйға орден тағып жүрсе де аса таң қалмайтын шығармыз.

Не деген ынжық халықпыз осы?

Бірінші бөлім

;hl=ru_RU" />;hl=ru_RU" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="480" height="385">

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454