Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Өзгелер 5982 0 пікір 25 Қараша, 2016 сағат 11:31

ПУТИН: РЕСЕЙДІҢ ШЕКАРАСЫ ШЕКСІЗ

Ресей Президенті Владимир Путин Орыс географтары одағының салтанатты жиынында сөз сөйлепті. Сөйлегенде де сатиралатып, сала құлаш сөйлепті.

Путин Орыс географтары одағының лауреаттарын марапаттау рәсімінде 9 жасар Мирослав пен 5 жастағы білгір Тимофейдің географиялық білімін бір сынап, артынша өзі де әзіл-шыны аралас біраз сөз айтып қалыпты.

Географияны шемішкедей шағатын Мирославтан Ресей шекарасының қай жерде аяқталатынын сұрайды. Президентінің алдында емтихан тапсырып тұрған Мирослав шекараның Беринг бұғазы мен АҚШ шекарасымен аяқталатынын айтады.

Сонда Солтүстікте көршіміз болып отырған Владимир Путин «Ресейдің шекарасы еш жерден аяқталмайды» деп күледі. Артынша «бұл қалжың» дегенді қоса айтқан.

Ресей Президентінің АҚШ әм Еуропа елдерімен арасы ала екені белгілі. Ресей Президентінің империалистік құндылықтарына, агрессорлық саясатына дес беріп отырған санаулы ел бар.

Санкцияның төпесінде қалған Путиннің әзілі сол Батысқа көрсеткен дөңайбаты, дәлірек айтсақ тұяқ серпілісі дегенімізбен, геосаясатта бұл – агрессорлық. Әсіресе шекараны шексіз дегенді басқа-басқа емес Ресейдің Президенті айтты.

Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км. Оның теңізбен (Каспий) жүріп өтетін тұсы 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі.

Сондықтан Қазақстан мен Ресейдің арасындағы шекара құрлықтағы ең ұзын шекара болып есептеледі. Ал Мемлекет шекарадан басталатынын Путин білмейді емес, біледі. Ойнаса да ойындағысын айтты. «Орыстан досың болса, айбалтаң қасыңда болсын» дегенді әсте естен шығармауымыз керек.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1996
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2418
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1971
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1576