15 қырқүйекте Қапшағайда инженерлік әскерлер резервистерінің жиыны өтеді
Астана. 13 қырқүйек. ҚазТАГ – 15қырқүйекте Қапшағайда инженерлік әскерлердің әскери міндетті резервистердің жиындары өтеді, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің (ҚМ) баспасөз қызметі.
«15 қырқүйекте Қапшағайда инженерлік әскерлердің «Берег» оқу орталығында запастағы 140 жауынгер түрлі жағдайларда қару мен әскери техниканың кез-келген түрімен әрекет ету шеберліктері мен білімдерін көрсетеді», - делінген дүйсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.
ҚМ баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, инженерлік әскерлердің оқу орталығынң базасында инженерлік әскерлердің запастағы әскери міндетті жауынгерлері шынжырлы миналық бөгетті қолдану арқылы мехизацияланған әдіспен танкіге қарсы мина алаңын қойып, жарудың отты әдісін пысықтайды.
Сондай-ақ, инженерлік әскерлердің пысықтау жоспарына танкілік көпір төсегіштің көмегімен кедергілерден өту, инженерлік машинаны қолдану арқылы қирауларда өтетін жол салу, миналық баудың көмегімен мина алаңын салу, сумен қамту қосыны қалай жабдықталатынын және қалай ұстлатынын көрсету кіреді.

Инженерлік әскерлер – алдыңғы шеттің әскерлері. Соғыс уақытында шабуылды осы инженерлік әскерлер бастайды. Олар мотоатқыштар мен танкілерге әлгері жылжуға көмектеседі.
Әскери инженерлер қарсыластың мина алаңдарында және бөгеттерінде өтетін жол салып, қирауларды тазартады, осылайша әскерлердің өтуіне мүмкіндік жасайды, жерлерді, ғимараттарды, жолдарды, аэродромдарды, станцияларды, көшелерді миналардан тазартады.
Еске сала кетейік, үкіметтің шешімімен биылғы жылы 1200, келесі жылдан бастап 2000 әскери міндетті жауынгер мотоатқыш және арнайы әскерлер, авиация, ӘҚҚ және байланыс салаларының отыз төрт мамандығы бойынша арнайы дайындықтан өтеді.