Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2208 0 пікір 13 Қыркүйек, 2010 сағат 07:11

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ» АКЦИЯСЫНА ШАҚЫРУ

Қадірлі тіл жанашырлары!

Республикамыздағы қоғамдық қозғалыстарды, демократиялық, патриоттық партиялар мен жастар ұйымдарының, сондай-ақ зиялы қауым өкілдерінің басын біріктіретін «Тәуелсіздікті қорғау» демократиялық қозғалысының ұйымдастыруымен 2010 жылдың 19-қыркүйегі күні С.Асфандияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университеттің Конгресс-холлында (Бөгенбай батыр к-сі 151, Сейфуллин к-нің қиылысы), сағат 12-00-де, Алматы қалалық әкімдігінің рұқсатымен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуінің 21 жылдығына орай «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ» акциясы өткізіледі.

Қадірлі тіл жанашырлары!

Республикамыздағы қоғамдық қозғалыстарды, демократиялық, патриоттық партиялар мен жастар ұйымдарының, сондай-ақ зиялы қауым өкілдерінің басын біріктіретін «Тәуелсіздікті қорғау» демократиялық қозғалысының ұйымдастыруымен 2010 жылдың 19-қыркүйегі күні С.Асфандияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университеттің Конгресс-холлында (Бөгенбай батыр к-сі 151, Сейфуллин к-нің қиылысы), сағат 12-00-де, Алматы қалалық әкімдігінің рұқсатымен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуінің 21 жылдығына орай «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ» акциясы өткізіледі.

Өздеріңізге мәлім, қазақ тілі Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізбей тұрған шақта, яғни, 1989 жылдың 22-қыркүйегінде Мемлекеттік тіл мәртебесін иеленді. Алайда өткен 21 жылда Мемлекеттік тіл Қазақстан халқын біріктіретін, олардың басын қосатын негізгі факторға толық айнала алмады. Қаншама рет мәселе көтерсек те әлі күнге дейін Мемлекеттік тіл туралы заң қабылданған жоқ. Билік жетістік ретінде бағалаған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында да негізгі мәселелер кейінге ысырылып, біздің талап-тілектеріміз тағы да ескерілмей қалуы мүмкін болып тұр. Ең бастысы, аталмыш бағдарламада да мемлекеттік тілді өзге тілдермен теңестіріп қою ниеті байқалады. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігі мүлде аңғарылмайды. Егер бағдарламада қадап айтылғанындай орыс тілінің функциясы мемлекеттік тілмен тең сақталар болса онда қазақ тілінің мәртебесі ешқашан көтерілмейді. Бұл кезінде қоғамдық ұйымдардың табандылық танытуы нәтижесінде қол жеткізген, Президент қол қойған «Ел бірлігі» доктринасындағы «Барлық қазақстандықтар, әсіресе өскелең ұрпақ, мемлекеттік тілді меңгеруі қажет» деген талапқа қайшы келеді. Сондай-ақ үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру барысында да мемлекеттік тілді назарға алмау орын тепкен. Сондықтан біз билікті халықпен санасуға, бәрінен бұрын Мемлекеттік тіл туралы заңды биылғы жылдан қалдырмай қабылдауға шақырамыз.

Біз, қоғамдық қозғалыстар, демократиялық, патриоттық партиялар мен жастар ұйымдары, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, осыған дейін де биліктің кейбір солақай шешімдеріне келіспейтіндіктерімізді білдіріп, бірнеше рет бірлескен наразылық шараларын өткізген болатынбыз. Соның нәтижесінде бастауын «американдық ұлттан» алатын, көп ұлттан бір ұлт жасауға негізделген «қазақстандық ұлт» идеясының салтанат құруына түбегейлі тойтарыс бердік. Сол сияқты 1 млн. гектар жердің Қытайға жалға берілуіне де жол бермедік. Өзінің ұлтына, ана тіліміздің бүгінгі жағдайына немқұрайды қарамайтын әрбір азамат бұл жолы да бізбен бірге болады деп сенеміз.

Мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтатуды ойлаған ұлт жанашырларының бәріне есік ашық!

Акция барысында «МУЗарт», «Серілер», «Жебе», «Жасын», «Ұлытау», «До-Мажор» топтарының және тағы да басқа белгілі өнер шеберлерінің ана тілін, ұлттық, мемлекеттік рухты асқақтататын әндері шырқалады.

 

Ұйымдастыру комитеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485