Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2279 0 пікір 14 Қыркүйек, 2010 сағат 06:12

Премьер-министр Алматы облысына жұмыс сапармен барады

Талдықорған. 14 қырқүйек. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Алматы облысы ҚР премьер- министрі Кәрім Мәсімовтың жұмыс сапармен келуін күтіп отыр, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

К.Мәсімов «Қорғас» шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығында болып, оның құрылыс барысымен, «Қорғас-Шығыс қақпа» шекаралық сауда-экономикалық аймағымен танысады, деп хабарлады сейсенбі күні «Қорғас» ШЫХО.

Сапар бағдарламасында Қытай аумағындағы шекаралық ынтымақтастық орталығы құрылысының жағдайына инспекция жасау қарастырылған. Сапар шеңберінде «Қорғас» кеден бекетінің ғимаратында Қытай жағының атқарушы билігінің өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, аталған орталықтың қызметі Қытаймен сауданы жеңілдетуге, ең бастысы, Батыс Еуропа-Батыс Қытай трансқұрлықтық дәлізі жобасын жүзеге асыруға ықпал ететін екі елдің транзиттік әлеуеттерін дамытуға бағытталған.

Оның аумағында ҚХР-мен және басқа елдермен сауда және іскерлік ынтымақтастық жүргізу үшін ерекше құқықтық режим болады. Орталықтың жалпы аумағы 528 га, ол екі бөліктен тұрады: қазақстандық бөлігі (185 га) және қытайлық жағы (343 га), екеуі өзара арнайы жаяу жүргіншілер мен көліктерге арналған өткелмен байланысады. Жобаның құны -  Т382,9 млрд.

Кейін үкімет басшысы Алматыға барып, онда «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі АЭА аумағында өтетін паркті дамыту мәселесіне арналған кеңеске қатысады,деп хабарлайды баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480