Петропавлдық рок-музыканттар қайырымдылық концерт өткізіп, сырқат қыздың еміне қажет ақша жинап берді
Петропавл. 14 қырқүйек. ҚазТАГ – Петропавлдық рок-музыканттар Даун синдромы бар 6 жасар Настя Сафронованың еміне қаржы жинау үшін қайырымдылық концерт өткізді.
«IceBlood» тобының қатысушылары Юлия Щеголева мен Николай Першиннің айтуынша, жергілікті газетте Настяның отбасының ауыр жағдайы туралы мақала жарық көргеннен кейін олар кішкентай қызға көмектесу туралы шешім қабылдаған.
«Настяның еміне қымбат препараттар қажет, ал қыздың ата-анасының біреуі мүгедек, олардың дәрі алатын жағдайлары жоқ», - дейді олар.
Музыканттардың айтуынша, қайырымдылық концертке қатысуға тағы 8 рок-тобы ниет танытқан. «Билеттің құны 500 теңге бола тұрып, біз 30 мың теңгеден аса ақша жинай алдық», - деді Н.Першин.
Музыканттар жиналған ақшаны түгелдей қыздың анасына берді. Оның айтуынша, бұл ақша баланың дамуына жақсы әсер ететін ноотроптармен емдеу курсына жетеді.