Мәжіліс депутаты құрғақшылықтан зардап шеккен астықты аймақтарға несие бойынша төлем жасау мерзімін ұзартуды ұсынды
Астана. 15 қырқүйек. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Егор Каппель құрғақшылықтан зардап шеккен астық өсіруші аймақтарға несие бойынша төлем жасау мерзімін ұзартуды ұсынды.
«Несиелердің мерзімін ұзарту мәселесін жедел түрде қарауды ұсынамын. Құрғақшылық жылы әсіресе астық өсіруші аймақтар зардап шекті, бидай өндірісінде шын мәнінде зардап шеккендер үшін ғана несиелердің мерзімін ұзарту керек. Осы несиелерді, лизингтерді ұзарту керек деп есептеймін», - деді Е. Капель сәрсенбі күні мәжілістің кеңейтілген отырысында бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеевтің атына депутаттық сауалын жолдау барысында.
Депутаттың бағалауынша, сондай-ақ, республикада тұқым қорын құру қажет.
«Сонымен қатар, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің барлығы тұрақтандырушы қорды құруға тең шарттармен қатыса алатындай жағдай жасау керек», - деді депутат.
«Нан бағасының қымбаттауына жол бермеу үшін тең жағдайлар жасалуға тиіс (тұрақтандырушы қорды құру барысында – ҚазТАГ)», - деді ол.