Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2395 0 пікір 15 Қыркүйек, 2010 сағат 07:59

Парламент мұнай құбырларынан шикізат ұрлағаны үшін жауапкершілікті қатайту туралы заң жобасын мақұлдады

Астана. 15 қырқүйек. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Парламент мәжілісі сәрсенбі күні кеңейтілген отырысында «Кейбір заңнамалық актілерге мұнай және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сенат ұсынған түзетулермен келісті.

Осылайша, заң қабылданды деп есептеледі және мемлекет басшысына қол қоюға жолданады.

Заң жобасы мұнай және газ құбырларынан шикізат ұрлағаны, мұнайды заңсыз тасымалдағаны, сатып алғаны, сатқаны, сақтағаны және өңдегені үшін жауапкершілікті күшейтуді және рұқсат беруші құжаттарсыз мұнайды өңдеуге қабылдауға тыйым салуды қарастырады.

Түзетулер жобасы құбырларды абайсызда және қасақана зақымдау  және бұзуды бөлек қарастырады және жазалау түрі де бөлек.

Мәжілістің заң шығару және сот-құқықтық реформа комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылдан бері «ҚазТрансОйл» АҚ-ның  («ҚазМұнайГаз» ҰК-ның құрылымына кіреді) мұнай құбырларына заңсыз қосылу оқиғалары үш еседен артық өсіп, 2009 жылы 148 оқиғаны құрады.

Түзетулерді «Нұр Отан» партиясы басшылығымен тапсырмасымен мәжіліс депутаттарының тобы ұсынды.

Сенат аталған заң жобасының тұжырымдамалық баптарын өзгертпейтін 12 түзету ұсынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475