Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 6024 0 пікір 28 Ақпан, 2017 сағат 13:27

Путин Ресейден шығарылған тәжік мигранттарының мәселесін шешуге уәде берді

Тәжікстанға сапарын қорытындылаған Владимир Путин Ресейден шығарылған тәжік мигранттарының мәселесін Мәскеу мен Душанбе "шешеді" деп мәлімдеді.

Тәжікстан мен Ресей делегациялары еңбек мигранттары мәселесін талқылады. Тәжік президенті Эмомали Рахмон Мәскеуден Ресейде тәртіп бұзғаны үшін депортацияланған мигранттарға рақымшылық беруін сұрады. Путин бұл мәселені шешуге уәде берді.

"Тәжік жастарының Ресейде білім алуымен қатар, Тәжікстанда жалпы білім беру мектептерінде орын тілін оқыту мәселесі де өзекті болып тұр", делінген мәлімдемеде.

Тәжікстан мен Ресей ауыл шаруашылық, тоқыма және тау-кен өндірісінде, энергетика мен мұнай-газ салаларында әріптестікті жалғастырады, делінген Путиннің Душанбеге сапарының қорытындыларына арналған мәлімдемеде. Онда қорғаныс саласын күшейтуге де ерекше көңіл бөлінген.

Владимир Путин Ұлт Сарайында Эмомали Рахмонға екі мемлекет арасындағы әріптестіктің дамуына қосқан үлесі үшін Александр Невский орденін тапсырды.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1518
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5897