Қазақстанда алғаш рет балалар тағамын шығаратын зауыт ашылады
Астана. 16 қыркүйек. ҚазТАГ – Әрсен Бектасов. Қазақстанда қазан айының басында балалар тағамын шығаратын зауыт ашу жоспарланған, деп хабарлады Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.
«Құрылыс (зауыттың - ҚазТАГ) аяқталды. Қазір оны ашуға дайындық жүргізіліп жатыр. Зауыт 15 күннен кейін ашылады (жоспарланған - ҚазТАГ)», - деді Т. Шарманов бейсенбі күні түркі әлемі педиатрларының Х халықаралық конгресінде.
Зауыт Алматы облысы Талғар қаласының түбінде орналасқан. Оның жобалық қуаты – тәулігіне 15 тн сиыр етін балалар тағамы үшін құрғақ қоспаларға өңдеу.
Т. Шармановтың сөздеріне қарағанда, сондай-ақ, тітірі бар балаларға арналған тағамдар шығаратын зауыт салу да жоспарланған. Ол ешкі сүтін өңдейтін болады.
Түркі әлемі педиатрларының «Педиатрия және балалар хирургиясының өзекті мәселелері» деген тақырыпта өтіп жатқан Х халықаралық конгресінің аясында неонтология перспективасы, жаңа туған сәбилердің және балалардың жалпы педиатриясы, хирургия мәселелері талқылануда.
Конгресс 16-17 қыркүйек күндері Астанада өтіп жатыр.