Екі қыздың жарысы немен бітер екен?
Еліміз бен Елбасымыздың еркесі Дариға Назарбаеваның әншілік жолын таңдағаны туралы барлығымыз да хабардар шығармыз. Алматы мен Вена арасындағы концерттердің арасында Дариға-ханым қоғамдық өмірге араласып, басылымдарға сұхбат беріп, ғылыми жұмыстармен де айналысуға уақыт табатынын жақсы білеміз.
Ақпарат агенттіктері мен баспасөз құралдарының деректеріне сенсек, көрші өзбек елінің президенті Ислам әка Кәрімовтың тұңғышы Гүлнар да өнерден хабары бар екенін дәлелдеп жүр. Бос уақытында Гүлнар-ханым бірнеше қоғамдық қорды басқарып, қайырымдылық шараларын өткізіп, сурет салып, сәнді киім үлгілерін жасауды кәсіп етіпті. Естуімізше, жақында сахналық «Гугуша» деген лақап атымен танымал Гүлнар Кәрімова Мәскеуге барып француз өлеңдерін айтып, концерт беріпті.
Осыған қарап, әкелерінің арасындағы саяси бақталастық қыздарына да жұғып кетті ме екен деп қауіптенетіміз рас. Алайда, қос дарын иесінің өнердегі бәсекелестіктігі түрік мәдениетін әлемге паш етуіне өзінің оң әсерін тигізетініне кәміл сенеміз.
Қалғанын өздеріңіз топшылай беріңіздер...
«Абай-ақпарат»
Дариға