«ҰЖДАН» КЛУБЫ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ
Қазақ Елінің дамып-гүлденуіне мүдделі, ұлттық болмысымызды жаңғыртуға бағытталған ой-пікір айтуға ұмтылған, азаматтардың «ҰЖДАН» пікір-сайыс клубы өз жұмысын бастағаны туралы хабарлаймыз.
«ҰЖДАН» клубы отырысын өткізу тәртібі:
1. Клуб отырысын өткізуге тапсырыс беру
Клуб отырысына тапсырыс беру ерікті. Тапсырыс беруші арнайы тапсырыс парағын толтырады. Клуб отырысының күні, уақыты, өткізілетін орны кесте негізінде келісілуі міндетті. Клуб отырысын ұйымдастыру бағасы - келісім бойынша.
2. Клуб отырысының негізгі тақырыбы
Клуб отырысында пікірлесу үшін белгілі тақырып таңдап алынады. Тақырып таңдау ұсыныс бойынша немесе клуб жұмысын ұйымдастырушылардың таңдауы негізінде жүзеге асады. Тақырып бойынша хабарлама немесе баяндама жасауға «Ұждан мінбері» қонағы және оны жан-жақты талқылап, пікір айтушы Сарапшылар шақырылады.
3. Ұждан мінбері

Ақпарат жинау-тарату және ақпараттық-талдау саласы бойынша, дәстүрлі және желілі БАҚ арқылы, атқарылатын қызметтерге тапсырыс берушілерге және Мәселелеріне (пікір-ұсыныс-жобаларына) мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ-ның назарын аударта алмай, жаны күйзеліске түскен Азаматтарға «Ұждан Мінбері» ұсынылады.
«Ұждан Мінберінде», қоғамның өзекті мәселелерін шешу ниетімен, айтылған пікір-ұсыныс-жобалардың, сарапшылар пікірі қосылған мәтіні (фото-видеоматериалдары) БАҚ-да жарияланады және тиісті мекемелерге жолданады.
Мінберге шыққан Азаматтың қолына, барлық форматтағы материалдардың бір-бір данасы беріледі.
4. Сарапшылар пікірі
Клубтың «Ұждан мінберінде» Сарапшылардың орны ерекше, олар мінберге шыққан Азаматтың пікір-ұсыныс-жобасына, өздерінің азаматтық ұстанымына сәйкес пікір білдіруі тиіс. Пікірлер мәтіні және отырыстан түсірілген фото-видео репортаж Клубтың ақпарат ресурстарында жарияланады. Сарапшылар ұйымдастырушылар тарапынан шақырылады.
5. Қорытынды
«Ұждан мінберінде» мәлімдеме-пікір-ұсыныс- жоба жариялаушы Азаматтың қалауы бойынша, көтерілген мәселе мәтіні (фото-видео материалдары), сарапшылардың пікірімен қоса, партиялар, қоғамдық бірлестіктер қоғам қайраткерлерінің қолдауымен тиісті Үкімет орындарына жолданып, БАҚ-да жарияланады.
Мәселе бойынша қоғамдық пікір туындауына, осылайша «Ұждан мінбері» себеп болады. Мәселенің оң шешімінің табылуына аталған шаралардың атқарылуы оң ықпал ететіні тәжірибеде дәлелденген.
6. БАҚ өкілдері
БАҚ өкілдері клуб отырысына «Құрметті қонақ-БАҚ» есебінде шақырылады. Журналистер «Ұждан мінберінен» айтылған мәлімдеме-пікір-ұсыныс-жобаларды мұқият тыңдаған соң, сарапшылардың пікірлерін ескере отырып , мақалалаларын өз ресурстарында жариялай алады.
(Сұхбаттар, сұрақтар, БАҚ өкілдерімен кездесу клуб отырысы аяқталған соң ғана жекелей кездесу арқылы жүзеге асырылады.)
"ҰЖДАН" пікір-сайыс клубы отырысының өткізілу жалпы уақыты: 2 сағат
Ұйымдастырушылар: Бөтеев Болат Нәукенұлы - «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы (www.internetTV.kz) сайтының жетекшісі. Нағиев Ізгілік - "Қаламгер ТЕН" ЖШС директоры, «Ашық танымдық энциклопедия» (www.tor.kz) сайтының жетекшісі;
Байланыс: Web: www.tor.kz www.internettv.kz E-mail: bolat53@bk.ru, izgilik@mail.ru
Тел: 8 701 712 4511 (Болат) 8 777 342 4813 (Ізгілік)