Шығыс Қазақстанда табиғи-минералогиялық атлас жасалады
Өскемен. 17 қырқүйек. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстанда полиметалл кендерінің қорын бағалап, келешегі бар кен орындарын барлау үшін геологиялық-минералогиялық құрылымдық кешендердің атласы жасалады, дер хабарлайды ШҚО бойынша геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы.
«Мамандардың бағалауынша, облыста барланған шикізат қоры 20-30 жылға жетерлік. Ал геологиялық барлау өте аз жүргізіледі, соңғы 5 жылда барланған көлем қажет көлемнен 10 есеге аз. Сондықтан қазір бірінші кезекте жаңа кен орындарын іздестіру қажет, ал бұл істе құрылымдық кешендер атласы көмектесуге тиіс», - дейді басқармадағылар.
Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, бұған дейін тереңде ашылған қорларды қосымша барлау айтарлықтай өсім беруге тиіс. Геологтар нәтиже негізінен іздеу мен бағалаудың заманауи әдістері мен технологияларын пайдалануға байланысты болады деп отыр.
Қазіргі уақытта ШҚО-да полиметалл кендерінің жалпы қоры 175 млн тонна деп бағаланып отыр. Облыс аумағында 35кен орны тіркелген.