Бейсенбі, 20 Маусым 2024
Деп жатыр 4605 1 пікір 30 Қаңтар, 2017 сағат 10:23

УНИВЕРСИАДА. БҮГІНГІ ЖАРЫС КЕСТЕСІ

Спорт түрі: Керлинг (ерлер және әйелдер). Топтық кезең. 
Өтетін орны: Алматы арена.
Басталуы: 09.00.

Спорт түрі: Сноуборд. Параллель слалом-гигант (ерлер, әйелдер). Іріктеу кезеңі және финалдар.
Басталуы: 09.00. Финал 14.00.

Спорт түрі: Тау шаңғысы спорты. Супергигант (ерлер, әйелдер). Іріктеу және финал. 
Басталу: 10.30 ("Шымбұлақ").

Спорт түрі: Шаңғы спорты. Жеке жарыс (әйелдер - 5 шақырым, ерлер - 10 шақырым).
Басталуы: 11.00 ("Алатау" тау-биатлон кешені).

Спорт түрі: Фристайл. Шаңғы акробатикасы (ерлер, әйелдер).
Басталуы: 11.30, финал 14.00-де ("Табаған").

Спорт түрі: Шайбалы хоккей (ерлер). Топтық кезең (Корея - Ресей).

Басталуы: 12.30 ("Халық Арена")

Спорт түрі: Шайбалы хоккей (ерлер). Топтың кезең (Швеция-Чехия). 
Басталуы: 16.00.

Спорт түрі: Шайбалы хоккей (әйелдер). Топтық кезең (Канада-Ұлыбритания).
Басталуы: 16.30 (Әйелдер арасындағы шайбалы хоккей жарыстары Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді).

Спорт түрі: Шайбалы хоккей (ерлер). Топтық кезең (АҚШ-Канада).
Басталуы: 19.30.

Спорт түрі: Шайбалы хоккей (әйелдер). Топтық кезең (Қазақстан-Қытай). 
Басталуы: 20.00.

Айт кетейік, кеше ғана Универсиада-2017 жарысының алауы Алматыда тұтанды. Дүниежүзі көз тіккен дүбірлі доданың ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп қатысты. Ашылу рәсімі әлемнің 80 еліне тікелей эфирде көрсетілді. Спорт сайыстары туралы кеңірек мағлұматтарды "Abai.kz" ақпараттық порталынан және "Саңлақ" журналынан оқи аласыздар.

Abai.kz


1 пікір