Көрші Тәжікстанда іш сүзегінің белең алуына байланысты Өзбекстан осы індетпен күрес шараларын күшейтті
Ташкент. 20 қырқүйек. ҚазТАГ – Көрші Тәжікстанда іш сүзегінің белең алуына байланысты Өзбекстан осы індетпен күрес шараларын күшейтеді, деп мәлім етті журналистерге Өзбекстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері, денсаулық сақтау министрінің орынбасары Саидмурад Сайдалиев.
Ол Тәжікстанның ресми органдарының мәліметтеріне сәйкес, осы республиканың аумағында іш сүзегіне шалдығудың 100-ден аса оқиғасы тіркелді.
Жағдайды бақылау үшін республика денсаулық сақтау министрлігінің жанынан эпидемиямен күрес жөніндегі штаб құрылды, деді С. Сайдалиев.
Оның айтуынша, «штабқа ел аймақтарынан ақпарат түседі, ол сараланған соң шыққан нәтиже бойынша алдын алу шаралары үйлестіріледі».
«Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ауыз сумен қамтуға және оның сапасына тұрақты мониторинг жүргізіп отыр. Мұндай мониторинг ашық су қоймаларының бәрінде ұйымдастырылды. Су сынамалары санитарлық-бактериологиялық зертханаларда тексеріледі. Анықталған проблемалар бойынша оларды жою шаралары қолға алынады», - деді С. Сайдалиев.

Өзбекстанға келіп жатқандардың арасынан іш сүзегіне, басқа да жұқпалы ауруларға шалдыққандарды анықтау үшін мемлекеттік шекараны кесіп өту бекеттерінде санитарлық-бақылау қызметтерінің жұмысы күшейтілді.
«Бұл қызметтер аталған ауруларға қарсы қолданылатын иммунобиологиялық препараттармен, залалсыздандырушы құралдармен, дәрілік заттармен қамтамасыз етілген», деп мәлім етті Өзбекстанның бас санитарлық дәрігері.
С. Сайдалиев қазіргі уақытта Өзбекстанда іш сүзегіне шалдығу оқиғалары тіркелмегенін хабарлады.