Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3332 0 пікір 22 Қыркүйек, 2010 сағат 06:58

БІРЕУДІ ТҮЛЕН ТҮРТЕДІ, ОРАЗАЛИНДІ ГҮЛЕН ТҮРТЕДІ...

Бүгін Алматыда қаламгер қауымның ұлан асыр  мерекесі өтіп жатыр. Бұл мереке  аясында Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 75 жыл толғаны дәріптелмек. 75 жыл! Ғасырды алқымдаған 75 жыл дегенді ойласаң алдымен Ғабең, Ғабит Мүсірепов белгілеген алыптар тобы ойыңа оралады. Иә, олар қалам ұстап қана отырған жоқ, қазақ шарауасын қайыспай көтерді. Мылтықсыз майдандарда ғана болатын жарылыстардан жан сауғалап, бас қорғаламады. Ол, әрине, бөлек әңгіме. Бөлек әңгіме деуімізге себеп, біздің ардақты одағымыздың ошағына   дүниені кезген  діни ағымның кезекті бір «көсемі» бұт артып отырған сияқты. Қазір өзі, шетел шыққан; Ұрым асып, Қырым көрген қазақтың елге миссионер ерте келетін әдетіне айналды емес пе? Сөйтіп, Жазушылар одағының басшысы Нұрлан Оразалин де қатарынан қалмай Гүлен деген «тұлғаны» тауып алыпты. Фетхуллаһ Гүлен Түркие азаматы-мыс. Түркиеден қуылған. Гүлен турасында «Жас қазақ үні» газетінде көлемді мақала жарияланды. (Оқырманға ол мақаланың түп нұсқасын тауып беруді уәде етеміз).  Ең « қызығы» сол Гүлен дейтіннің шығарамашылығы  жайында қазақ зиялыларының зерттеулерi мен ой-пiкiрлерiнен тұратын «Сана сәулетшiсi» атты жаңа жинақтың тұсаукесерiмен Қазақ Жазушылар одағының 75 жылдығына арналған пленум қортындылатын болды. Сонда дейміз-ау,  биыл 165 жылдығы аталап өткелі жатқан қазақтың бас ақыны Абай қайда?! Махамбет қайда?! Беріден қайтсақ, Сәкен, Ілиястар қайда?!

Бүгін Алматыда қаламгер қауымның ұлан асыр  мерекесі өтіп жатыр. Бұл мереке  аясында Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 75 жыл толғаны дәріптелмек. 75 жыл! Ғасырды алқымдаған 75 жыл дегенді ойласаң алдымен Ғабең, Ғабит Мүсірепов белгілеген алыптар тобы ойыңа оралады. Иә, олар қалам ұстап қана отырған жоқ, қазақ шарауасын қайыспай көтерді. Мылтықсыз майдандарда ғана болатын жарылыстардан жан сауғалап, бас қорғаламады. Ол, әрине, бөлек әңгіме. Бөлек әңгіме деуімізге себеп, біздің ардақты одағымыздың ошағына   дүниені кезген  діни ағымның кезекті бір «көсемі» бұт артып отырған сияқты. Қазір өзі, шетел шыққан; Ұрым асып, Қырым көрген қазақтың елге миссионер ерте келетін әдетіне айналды емес пе? Сөйтіп, Жазушылар одағының басшысы Нұрлан Оразалин де қатарынан қалмай Гүлен деген «тұлғаны» тауып алыпты. Фетхуллаһ Гүлен Түркие азаматы-мыс. Түркиеден қуылған. Гүлен турасында «Жас қазақ үні» газетінде көлемді мақала жарияланды. (Оқырманға ол мақаланың түп нұсқасын тауып беруді уәде етеміз).  Ең « қызығы» сол Гүлен дейтіннің шығарамашылығы  жайында қазақ зиялыларының зерттеулерi мен ой-пiкiрлерiнен тұратын «Сана сәулетшiсi» атты жаңа жинақтың тұсаукесерiмен Қазақ Жазушылар одағының 75 жылдығына арналған пленум қортындылатын болды. Сонда дейміз-ау,  биыл 165 жылдығы аталап өткелі жатқан қазақтың бас ақыны Абай қайда?! Махамбет қайда?! Беріден қайтсақ, Сәкен, Ілиястар қайда?! Ұлттар әдебиетін дәріптеу аса қажет болып бара жатса, сектант, миссионер Гүленнен басқа жазарман жоқ па? Ұлттар әдебиетін дәріптеуді дәріптей отырып неге  Орхан Памукті шақырмасқа? Тіпті ортаңқол жазушы болғанның өзінде ол Нобельді алған түріктің тұңғыш баласы емес пе?

Гүлен... Гүлен... Гүлен.. Бұндай гүленшіліктен кейін «Біреуді түлен түртеді, Оразалинді Гүлен түртеді» демеске амалың қалмайды екен.  Тегі, миығынан күліп келетін миссионерлердің қалатысы да қалың болады дейтінді естиміз. Е-е, бәсе, Оразалинді не түлен түртіп жүр десек, Гүлен түртіп жүр екен ғой. Төмендегі бағдарламаға қараңызшы: жиырмасыншы ғасырдың көрнекті ойшылы «Сана сәулетшісі» депті Гүленді.

 

«Абай-ақпарат»

 

 

 

 

Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 75 жыл толуына арналған мерейтой шараларының БАҒДАРЛАМАСЫ


21.09.2010 ж. 09.15-09.45 сағ. Абай ескерткiшiне гүл шоқтарын қою.

21.09.2010 ж. 10.30-11.30 сағ. Қазақстан Жазушылар одағының 75 жылдығына арналған кiтап көрмесiмен танысу.

Мекен-жайы: Қазақстан  Республикасы   Ұлттық кiтапханасы. (Абылай хан даңғылы мен Абай даңғылының қиылысы)

21.09.2010 ж. 16.00 сағ. Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 75 жыл толуына арналған салтанатты жиын (кеңейтiлген мерекелiк Пленум).

Мекен-жайы: Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттiк академиялық опера және балет театры. (Қабанбай батыр көшесi, 110)

22.09.2010 ж. 10.00 сағ. Қазақстан Жазушылар одағының  құрылтайшылығымен шығатын әдеби басылымдардың  («Қазақ әдебиетi» газетi мен «Жұлдыз», «Простор» журналдарының) мерейтойына  арналған конференция.

Мекен-жайы: Қазақстан Жазушылар  одағының Әдебиетшiлер үйi.

(Абылай хан даңғылы, 105)

22.09.2010 ж. 15.00 сағ. Қазақстан Жазушылар Одағының 75 жылдық   мерейтой аясында аталып ˜өтетiн «Ұлттар әдебиетiндегi ықпалдастық дәстүрi» атты конференция.

(Конференция барысында ХХ ғасырдың көрнектi ойшылы, ақын-жазушы Фетхуллаһ Гулен туралы қазақ зиялыларының зерттеулерi мен ой-пiкiрлерiнен тұратын «Сана сәулетшiсi» атты жаңа жинақтың тұсаукесерi).

Мекен-жайы: «Қазақстан» қонақ үйi. (Достық даңғылы, - Абай даңғылының қиылысы)

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381