Жыл басынан бері Ұлттық банк ҚР-дың валюта нарығында $2,5 млрд сатып алды
Астана. 22 қыркүйек. ҚазТАГ - Айгүль Түлекбаева. 2010 жылдың қаңтар-тамыз айларында ҚР Ұлттық банкі ҚР-дың ішкі нарығында сатып алған шетел валютасының көлемі $2,5 млрдқұрады, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев.
«Биылғы жылдың сегіз айында Ұлттық банк ішкі нарықта сатып алған шетел валютасының көлемі $2,5 млрд–қа жуықты құрады», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында.
Cонымен қатар, оның түсіндіруінше,жыл басында шетел валютасы көптеп ұсынылды.
«Бұл көрсеткішке негізінен Ұлттық банктің жыл басындағы операциялары еніп отыр. Соңғы 3-4 айда нарықта (валютаны) сатып алу жүргізген жоқпыз», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк валюта нарығында 2010 жылдың ақпан айында $1,7 млрд, ал наурызда - $400 млн. интервенция жүзеге асырды.