ІІМ БАҚ-та тараған ведомство басшысы қызметтік авиацияны жеке мақсаттарына пайдаланады деген ақпаратты жоққа шығарды
Астана. 22 қырқүйек. ҚазТАГ- Айнагүл Бекеева. Ішкі істер министрлігі (ІІМ) «Время»газетінде (16 қырқүйекте жарық көрген саны– ҚазТАГ) жарық көрген ведомство басшысы Серік Баймағамбетов қызметтік авиацияны жеке мақсаттары үшін пайдаланады деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Мақалада ішкі істер министрі қызметтік көлікті жеке мақсаттары үшін пайдаланады деп жазылған. Мен министр аталған уақытта демалыста болмағанын, ресми іссапарда жүргенін атап өткім келеді», - деді ІІМ баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов сәрсенбі күні брифингте журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында.
Оның айтуынша, 6 -7 тамызда С. Баймағанбетов Алматы қаласы мен Алматы облысының ішкі істер департаменттерімен және көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД –імен, Алматы гарнизонының ішкі іскерлері бөлімшелерінің командалық құрамдарымен президенттің 4 тамызда құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өткен кеңесте берген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізген.
Сондай-ақ, ІІМ басшысы Алматы облысы ІІД-нің бастығымен бірлесіп Қырғызстаннан бақылау-өткізу бекеттері мен қосындарын айналып өтіп, есірткі мен қару әкелу, заңсыз көші-қон арналары, ұрланған көліктерді жеткізу ұйымдастырылуы мүмкін аймақтың шалғайдағы шекаралық аудандарын тікұшақпен аралап көрді, деді баспасөз хатшысы.

«Аталған кезеңде еліміздің солтүстік облыстарындағы түзеу мекемелерінде жағдайдың ушығуы орын алды. Осыған байланысты министрдің басшылығымен жағдайы күрделі колонияларға ішкі әскерлерді енгізу бойынша шаралар пысықталды», - деді Қ.Жұманов.
Сонымен бірге, «министр осы ақпаратты таратушыға (мақала авторы - ҚазТАГ) қарсы сотқа арыз бере ме» деген сұраққа жауап берген ІІМ өкілі «бұл оның жеке ісі» екенін айтты. «Ол ішкі істер министрі ғана емес, еліміздегі беделді заңгер екенін айтқым келеді», - деді Қ.Жұманов.
С. Баймағанбетовтың өзі де бұл ақпаратты жоққа шығарды және журналистерге өзін түрлі қылмыстық топтар үнемі қорқытып жататынын мойындады.
«Мұны кім істегенін білемін. Бірақ қазір нақты адамдарды атамаймын», - деді ІІМ басшысы журналистерге сейсенбі күні үкімет отырысынан кейін.