Жандос ақталды!
Қапыда американдық тәртіп сақшыларының қолына түскен қазақ жігіті Жандос Бақытбекұлы толығымен ақталып шықты. Порталымыз Жандостың мұхиттың арғы жағынан жазған хатын жариялап, белгілі бір дәрежеде мүдделі органдардың қазақ баласының тағдырына бей жай қарамауға шақырып бақты. Енді міне, Лейк-Джордж қалалық соты айғақтардың жеткіліксіздігінен Жандосқа тағылған барлық айыпты алып тастапты. Бұл жайында сүйінші сұрап, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов хабар таратты. 21 қыркүйекте өткен сот тыңдауында оған төлқұжаты мен кепіл ақшасы қайтарылып берілген. Жандостың визасы 30 қыркүйекке дейін ғана жарамды саналатындықтан, Нью-Иорктегі еліміздің бас консулдығы оған елге тезірек қайтуға кеңес беріпті.
«Абай-ақпарат»