Серік Тұрбеков: мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді
Жақында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде мал шаруашылығын, мәдениет саласын, туризмді дамыту мәселелері мен перспективаларын, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жайы мен коммуналдық меншіктіӊ сақталуы және пайдалануын бақылау сынды 5 мәселе қаралды.
Жиында жоғарыда аталған бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Серік Тұрбеков мал шаруашылығы бойынша соӊғы екі жылда ірі қара мал саны 35 мыӊға артып 865 мыӊ басты құрағанын, қой-ешкі 155 мыӊнан 3 млн. 893 мыӊға өскенін, ал жылқы 16 мыӊға артып 230 мыӊға жеткенін айтты.
Сонымен қатар, ол мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. Мәселен, ет өндіру 111,4%-ға, сүт өндіру - 104,8 %-ға, жұмыртқа өндіру - 112,1 %-ға, жүн өндіру 110,1 %-ға артқан.
Дегенмен, облыста мал саны мен өнімдері артқанымен келесі аудандарда төмен көрсеткіш байқалуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдыӊ 10 айыныӊ қорытындысымен ІҚМ саны Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт аудандарында, ұсақ мал Бәйдібек, Ордабасы, Созақ, Төлеби аудандарында, жылқы Бәйдібек, Түлкібас аудандарында, түйе Бәйдібек, Сарыағаш, Түлкібас аудандарында, құс саны Бәйдібек, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас аудандарында кеміген.
Абай ақпарат